Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕл бойынша Көлік комитеті, Көлік бақылауы қызметі және Әкімшілік полиция, сондай-ақ Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен ірі тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Рейд қорытындылары
17 қазанда Көлік министрлігі тексерістердің нәтижелерін жариялады. Барлығы 13 600-ден астам құқықбұзушылық анықталған, олардың ішінде:
1167 жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесін бұзу;
394 заңсыз тасымалдау фактісі (негізінен такси қызметінде);
1962 көліктің техникалық байқаудан өтпеуі немесе техникалық талаптарға сай келмеуі.
Негізгі назар – оң жақ рөлі бар көліктерге
Рейд барысында Toyota Alphard, Estima секілді оң рөлді көліктер ерекше бақылауда болды. Нәтижесінде 213 жүргізушінің қарсы бағытқа шыққаны анықталған.
Такси жүргізушілерінің шаршауы – жаңа қауіп
Тексеру кезінде кей такси жүргізушілерінің күніне 5-6 рет қалааралық рейске шығатыны белгілі болды. Бұл – еңбек және демалыс тәртібін өрескел бұзу. Ұзақ сапарда шаршаған жүргізуші – қауіп деңгейі бойынша мас жүргізушімен тең, – деп атап өтті Көлік және көлік бақылауы комитеті.
Басқа да заңбұзушылықтар
268 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған;
2506 жағдайда жүргізушілер телефонды рөлде пайдаланып, жол ережесін бұзған.
Тексеру шаралары алдағы уақытта күшейтілген тәртіпте жалғасады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?