2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліІшкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында Қазақстан қалаларында автокөліктердің қозғалыс жылдамдығын төмендетуге қатысты пікір айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Вице-министрдің сөзінше, жасанды түрде жылдамдықты шектеу жол-көлік оқиғаларының салдарын азайтуға көмектесуі мүмкін. Дегенмен ІІМ бұл мәселе бойынша шешім қабылдауға асықпайды.
Бұл әзірге қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі. Біз зерттеп көрдік: кейбір елдердің астаналарында жасанды түрде жылдамдықты төмендету тәжірибесі бар. Әрине, ол жол апаты салдарының ауырлығын азайтады. Бірақ, екінші жағынан, Астана мен Алматыда мұндай шара кептелістерге әкелетіні түсінікті. Сол себепті біз асықпаймыз, зерттейміз, қараймыз, әкімдіктермен ақылдасамыз, – деді Игорь Лепеха.
Сонымен қатар ол әкімдіктердің өзі де белгілі бір көшелерде жылдамдықты арттыруға немесе, керісінше, азайтуға құқылы екенін алға тартты.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс