Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекІІМ-де «трамадолды» дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz дәріханалық нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында 2023 жылы «трамадол» психотроптық заты есірткі заттарының тізіміне енгізілгенін еске салды.
Есірткі қатарына енгізілгенге дейін «трамадол» ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылды. Қазіргі уақытта ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады. Медицинада қолданылатын есірткі және психотроптық заттарды рецептісіз сату деректеріне қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізіледі. Жыл басынан бері «трамадолды» заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды. Олардан 2500-ден астам таблетка тәркіленді. Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз. Медицинада қолданылатын психотроптық заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, «есірткіні заңсыз өткізу» болып саналатынын ескертеміз. Бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?