Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖаңа оқу жылында Ішкі істер министрлігі мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында құқықтық білім беру бойынша республикалық акцияны бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қыркүйекте барлық оқу орнында полицияның негізгі қызметтері басшылығының қатысуымен кездесулер өткізіледі. Мұнда жоғары сынып оқушылары мен студенттерге қылмыстық жауапкершілікке әкелетін мінез-құлық түрлері туралы ақпарат беріледі.
Өз бетінше өмір сүре бастаған жастар есірткіні таныстарының өтініші бойынша уақытша сақтау немесе тасымалдау, граффити-жазуларын салу, хабарландырулар немесе QR-кодтар тарату, форумдарда, мессенджерлерде есірткі туралы оң пікірлері бар посттар орналастыру сияқты әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершіліктің туындайтынын түсінуі маңызды, -деп атап өтті ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.
Алғашқы кездесуді елордалық IT университетінде бейінді департамент қызметкерлері өткізді. ЖОО оқытушылары мен әкімшілігіне студенттер қатысуы мүмкін құқықбұзушылықтардың түрлері, университет қабырғасында және жатақханаларда есірткіні жарнамалау және тарату тәсілдері, студенттердің есірткіні қолдану белгілері туралы айтылды.
Бұл тақырып қалаға жаңадан келген және есірткіні тарату немесе жарнамалау арқылы жеңіл табыс табуға тартылуы мүмкін бірінші курс студенттері үшін өте маңызды. Сондықтан осы университеттегі келесі қадам 1-2 курс студенттерімен кездесу болады. Біздің мақсатымыз – ақпаратты студенттердің 100%-на жеткізу, – деп түсіндірді ведомствода.
Бұл жұмыс оқу жылы бойы жалғасады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?