Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыІшкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығының орынбасары Самат Аисов Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмған күнгі бейнебақылау камерасы түсірген видеоны көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 4 қазанға қараған түні болған. Бейнебақылау камерасында белгісіз ер адам Талғардағы «Қамажай» дүкеніне келіп, 2 бөтелке сыра мен төрт темекі сатып алып, ақшасын аударады. Артынша тағы бір бөтелке сыра сатып алып қолма-қол төлем жасап шығып кетеді. Бірер уақыттан соң қайта келіп ұялы телефонын қуаттағышқа қоюын сұрайды. Осы уақытта дүкен кассасында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов болған. Күдікті мен марқұмның әкесінің арасында ешқандай дау-дамай болмаған.
Самат Аисовтың сөзінше, жанжал дүкен сыртында басталған.
Жалпы дүкен ішінде екі бейнебақылау камерасы орнатылған. Бірі – жалпы дүкеннің ішін түсірсе, екіншісі – кассаны түсіреді. Ал үшінші бейнебақылау камерасы дүкен сыртында орналасқан.
Сол уақытта дүкенге келген сатып алушылардан да жауап алынды. Бейнебақылау камерасы ресиверден алынды және ол бойынша сот сараптама тағайындады. Онда монтаж бар ма, жоқ па тексерілді, - деді Аисов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары