Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай2025 жылдың төрт айында полиция қызметкерлері түрлі қылмыстар үшін мемлекетаралық және халықаралық іздеуде жүрген 264 адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Жамбыл облысында Өзбекстан Республикасының 48 жастағы азаматы ұсталды. Ол ақпан айында Ташкент облысында отбасылық жанжал кезінде жұбайын соққыға жығып, оның өліміне әкелген дене жарақаттарын келтірген.
Адам өлтірді деген күдікпен 2003 жылдан бері іздеуде жүрген 71 жастағы ер адам Түркістан облысында ұсталып, қамауға алынды. Алматы қаласында мемлекетаралық іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2012 жылы ол Шыршық қаласында өзімен бірге тұратын әйелді аяусыз ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірген, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар Жамбыл облысында Қырғызстан азаматы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам 2022 жылы Ресей Федерациясының Липецк қаласында өзінің танысын пышақтап өлтірген. Елден тыс жерлерде Қазақстан Республикасы ІІМ сұрауы бойынша 57 қылмыскер құрықталды.
Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат