Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық авиабазада ІІМ әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Камалиев МИ-17 жауынгерлік тікұшағын 15 метрге сүйреп, рекорд орнатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл полиция қызметкерінің ресми тіркелген төртінші рекорды. Бұрын ол екі локомотивті, 42 тонналық Airbus ұшағын және 10 жол талғамайтын көлікті орнынан жылжытқан. Ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын кезеңі – көктем меркесіне арналған шараға қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қатысты. Екі ведомствоның басшылары спортшыны жаңа жетістігімен құттықтады. Палуанға Қазақстан рекордтар кітабы ұйымының атынан арнайы сертификат табысталды.
– Бүгін барлығымыз Қазақстан рекордының куәгері болып отырмыз. Күштік экстрим саласындағы белгілі спортшы, ІІМ қызметкері Бауыржан Камалиев біздің кеңсемізге өзінің ұсынысымен шықты. Ол бұрын да өзінің рекордтарымен елімізге, әлемге танымал болған. Біз мұндай спортшыларды әрдайым қолдауға дайынбыз, – деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.
Палуан жаңа рекордты жасамас бұрын үш ай дайындалған. Оның базалық спорт түрі – ауыр атлетика. Пауэрлифтингтен еліміздің спорт шебері ішкі істер органдарында 15 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Айта кету керек, шара барысында Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблінің өнерпаздары қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен қатар әскерилердің арасында гір тасын көтеріп, АК-74 автоматын шашып-жинаумен жұртты таңғалдырғандар да болды.
Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгiн, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік