Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы арқылы еліміздің құқық қорғау және уәкілетті органдарының бастамасымен халықаралық іздеуде жүрген 110-нан астам қылмыскер мен жоғалып кеткен азаматтар шетелде табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, 2024 жылы Интерполдың байланыс арналарының географиясы кеңейтілді.
Іздеуде жүргендер Ресей, Түркия, БАӘ, Қытай, Оңтүстік Корея, Польша, АҚШ, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Испания, Ұлыбритания, Чехия, Швеция, Украина, Германия, Колумбия, Израиль, Бельгия, Греция, Италия, Доминикан Республикасы, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде анықталып, құрықталды, - делінген мәліметте.
Қылмыскерлер көбінесе алаяқтық, бөтен мүлікті талан-таражға салу және ысырап ету, есірткімен байланысты қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, қарақшылық, экономикалық контрабанда, заңсыз ойын бизнесі мен салық төлеуден жалтару сияқты экономикалық қылмыстар және ұрлық үшін іздеуде болған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары