6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерІшкі істер министрлігі Отбасы күнін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отбасы күніне орай «Алатау» спорт сарайының жеңілатлетикалық манежінде «Әке, ана және мен – спортшымыз шетінен» атты көңілді отбасылық сайыс өтті.
Іс-шараға ІІМ департтаменттерінен, ҚАЖК және Ұлттық ұланнан 12 команда қатысты. Спартакиаданы құттықтау сөзбен ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев пен Қазақстан Республикасы ІІМ және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков ашты.
Тәртіп сақшыларының отбасылары үш кезеңнен өтті: эстафета, дартс және арқан тарту. Жарысқа қатысушылар төзімділік танытып қана қоймай, отбасы ұғымының олар үшін нені білдіретінін көрсетті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі