Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекІшкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті белсенді түрде жалғастырып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазан айының басынан бастап ел бойынша 54 есірткі қылмысы анықталды.
Олардың ішінде есірткі сатудың 29 фактісі, аса ірі мөлшерде сақтаудың жеті фактісі, үш контрабанда фактісі және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің жеті фактісі бар. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 250 килограмнан асады. Бұған 214 кг марихуана, 5 кг гашиш және 31 кг синтетикалық есірткі кіреді, – деді департамент басшысы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды. 35 жастағы ер адам ұсталып, одан 300 грамнан астам мефедрон және 36 келі прекурсор табылды.
Екібастұзда да синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды. Екі жергілікті тұрғын курьерлерді тарта отырып, есірткіні интернет арқылы сатуды жоспарлаған. Елордада есірткіні жарнамалайтын QR-кодтары бар стикерлерді жапсырумен айналысқан 27 жастағы әйел ұсталды. Ақмола облысында есірткіні өз үйінде және жалға алынған жертөледе сақтаған 54 жастағы ер адам құрықталды. Одан 34 келі марихуана және 2 келі гашиш тәркіленді. Атырауда 38 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйел ұсталды. Олардан синтетикалық есірткі салынған 81 орам табылды. Қостанай облысында 25 синтетика орамы бар 16 жастағы студент ұсталды. – деді ІІМ ресми өкілі.
ІІМ бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?