6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМаңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған қайғылы жол-көлік оқиғасына байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Анықталғандай, жолаушылар қасиетті Бекет-Атаға қажылық сапарға шыққан. Барлығы Қазақстан азаматтары, әртүрлі өңірлерден келген. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Министр қылмыстық істің тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта тергеу аясында жүргізушінің іс-қимылы, көліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары тексерілуде, - деді ІІМ ресми өкілі - департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.
Ішкі істер министрлігі әкімдіктер мен профильді мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына кешенді көмек ұйымдастыруда, соның ішінде:
• қаза тапқандардың денесін өңірлерге жеткізу;
• туыстарымен тұрақты байланыс орнату;
• жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсету;
• заң аясында, сақтандыру және ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге қолдау.
Туыстарына барлық ақпарат дереу беріліп отырады.
Ішкі істер министрлігі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Сонымен қатар барлық жүргізуші мен тасымалдауды ұйымдастырушыларды жолда қауіпті жағдай тудырмас үшін шаршаған күйде рөлге отырмауға, көлікке артық жүк салмауға шақырамыз. Шаршаған жүргізушінің өзі үлкен апатқа себеп болуы мүмкін, - деді Шыңғыс Алекешев.
Еске салсақ, Маңғыстауда жол апатынан 10 адам көз жұмды. Оқиға 11 қыркүйек күні Қарақия ауданы Сенек елдімекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда болған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі