Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада интернет-алаяқтықтың жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар барысында мыңнан астам sim-карта тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың көпшілігі sim-қораптардан табылды. Бұл алаяқтарға әлемнің кез келген нүктесінен жалған нөмірлер арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік береді.Операцияны ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері елордалық әріптестерімен бірлесіп жүргізді.
Барлығы осындай 11 жабдық, сондай-ақ ноутбуктер, телефондар мен модемдер тәркіленді. Дыбыс күшейткіштері ретінде көрсетілген sim-қораптар жалдамалы пәтерлерден және ұсталғандардың бірінің көлігінің жүксалғышынан табылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бар мән-жайлар анықталатын болады, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Бүгінде интернет-алаяқтық қылмыстың ең көп таралған түрі болып саналады. Азаматтар әлі де қылмыскерлердің айласына түсіп қалып жатыр. Қоңырау арқылы жасалған қылмыстың алдын алудың жолы – тұтқаны қойып, әңгімені тоқтату, бөтен адамның айтқандарына сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің телефон арқылы, оның ішінде WhatsApp немесе Telegram көмегімен операциялар жүргізбейтінін естен шығармау қажет.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар