23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Ішкі істер министрліктерінің киберполициясы бірлесіп өткізген операция нәтижесінде ТМД елдерінің азаматтарына қатысты интернет-алаяқтық жасаған трансұлттық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Күдіктілердің бірі 8 қыркүйекте Бішкек қаласында ұсталды. Ол жалға алған пәтерді тінту кезінде 32 слотты сим-бокс, үшінші тұлғаларға рәсімделген 70-тен астам SIM-карта, IP-ді алмастыруға арналған жабдықтар, компьютерлер мен телефондар тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қылмыстық әрекеті үшін аптасына 500 АҚШ доллары көлемінде қаражат алып отырған.
Мұндай құрылғылар қылмыскерлерге банктер, мемлекеттік органдар және маркетплейстер атынан жаппай фрод-қоңыраулар мен хабарламалар жіберуге мүмкіндік береді. Олардың көздегені – азаматтардың ақшасын және жеке деректерін ұрлау. Жалпы жыл басынан бері Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті 77 сим-боксты және алаяқтар пайдаланған 90 мыңға жуық SIM-картаны тәркіледі, - деп жазылған ІІМ ақпаратында.
Еске сала кетейік, 16 қыркүйектен бастап дроптардың іс-әрекеті үшін жауапкершілік, онлайн-несие беруді шектеу және SIM-карталардың айналымын реттеу сияқты жаңа заң нормалары күшіне енбек.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік