6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерІшкі істер министрлігі «Qarmet» АҚ-дан ұрлық жасады деген күдікпен екі адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, аса ірі мөлшерде қылмыстық топпен жасалған алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі) мына адамдарға іздеу жарияланған:
Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы «қамауда ұстау».
Чижевский Андрей Александрович, 29.11.1987 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы «қамауда ұстау».
Іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1 мекенжайы бойынша немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі, - делінген мәліметте.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі