Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПолиция күні қарсаңында ІІМ “Серт” үшінші республикалық әдеби байқауы өткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқаудың басты мақсаты – елдегі қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ететін полицейлердің ерлігін насихаттау, халықтың құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейін арттыру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің күрделі де қауіпті жұмысына жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ қазақстандық детектив жанрын дамыту.
Биылғы жылы конкурсқа барлық ниет білдірушілерден бөлек полиция бөліністері де қатыса алады. Бұрын жарияланбаған детективтік шығармалар ағымдағы жылдың қазан айына дейін қабылданады. Туындылар конкурс туралы ережеде көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс. Байқаудың шарттарымен ІІМ ресми порталында танысуға болады.
Байқау қорытындысын белгілі жазушылар мен ақындардан, қоғам қайраткерлерінен, журналистерден және ішкі істер органдарының ардагерлерінен құралған қазылар алқасы шығарады. Жеңімпаздардың есімі жыл соңында жарияланады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары