2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрІшкі істер министрлігінде ішкі істер органдарының орталық аппараты қызметтері мен аумақтық бөліністердің басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Жиында ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жедел қызмет қорытындылары шығарылып, ел Президентінің құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясында басым міндеттер айқындалды.
Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің айтуынша, есепті кезеңде оң динамика байқалады. Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 11%-ға төмендеген. Адам өлтіру, ауыр дене жарақатын келтіру, зорлау, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық, мал ұрлығы және басқа да қылмыстардың саны азайғаны атап өтілді. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылықтар деңгейінің төмендеуі тіркелді.
Отырысқа қатысушылар бөліністердің қызметіндегі кемшіліктерді қарастырып, оларды жою жолдарын талқылады. Басшылар мен жеке құрам алдына «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету, құқықбұзушылықтардың алдын алуды күшейту, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру, полиция жұмысының сервистік моделін енгізу және кадрлық әлеуетті нығайту бойынша нақты міндеттер қойылды.
Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, бөліністердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын арттыру, «Таза Қазақстан» республикалық акциясын сапалы өткізу, елдегі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен сотқа дейінгі тергеу саласында цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту мәселелері қаралды.
Алқа отырысы аясында қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ішкі істер органдарының үздік қызметкерлері марапатталды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова