Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарІІМ-де көктемнің мерейлі мерекесі Халықаралық әйелдер күні атап өтілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Нәзік жандылардың құрметіне оркестірдің сүйемелдеуімен әуезді ән шырқалып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ғұмырын полиция қызметімен байланыстырған аруларды ведомство басшысы Марат Ахметжанов құттықтады.
"Сіздерді көктемнің алғашқы шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел – ізгілік пен мейірімнің, сұлулық пен әсемдіктің келбеті! Cонымен қатар нәзік жанды арулар – халықтың ар-намысы! Тіршіліктің бастауы да, өмірдің мәні мен мағынасы да – гүлдей жайнаған арулар – сіздер деп білеміз! Бүгінгі мереке – сіздерге деген шынайы құрметтің белгісі", – деді министр.
Бүгінде еліміздің ішкі істер органдарында 11 мыңнан астам қыз-келіншек қызмет атқаруда. Олардың 612-сі басшылық лауазымда. Мейрамға орай қайсар қыздардың бірқатары марапатталды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?