6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерІІМ Басқару академиясының базасында құқық қорғау органдарының басшылық лауазымдағы қызметкерлеріне арналған алғашқы ведомствоаралық біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Бағдарламаға ІІМ, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Экономикалық тергеу қызметінің өкілдері қатысты.
Оқу ерекше форматта алғаш рет өткізілді және бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында маңызды қадам болды. Курстың басты мақсаты – ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, озық тәжірибе алмасу, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қалыптастыру.
Салтанатты жабылу рәсімінде ішкі істер министрі Ержан Саденов тыңдаушыларға оқу курсын аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етті.
Құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл мен үйлестіру – заңдылықты тиімді қамтамасыз етудің кілті. Мұндай бастамалар осы бағыттағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда септігін тигізеді, – деді министр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі