30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер құқығын қорғау шаралары күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылы ішкі істер органдарына отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайлары туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түсті. ІІМ 72 мың шектейтін қорғаныс ұйғарымын берді.
Елімізде зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсететін 69 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері осындай орталықтарға 5,5 мың әйел жүгінді, оның 3,7 мыңы балалы әйел.
Жүйелі жұмыс қазірдің өзінде нәтиже беруде. Соңғы бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге қысқарды, оның ішінде зорлық-зомбылық қылмыстары 37,9%-ға, кісі өлтіру – 49,3%-ға, ауыр дене жарақатын келтіру – 8,7%-ға азайған. Бұл зардап шеккендерді қорғауға және қолдауға бағытталған кешенді шаралардың тиімділігін айғақтайды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды