23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті алаяқтық схеманы ұйымдастырушылар мен оған қатысы бар адамдарды анықтап, жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда полиция қызметкерлері сall-орталықты жойды. Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан. 24 күдікті ұсталды, олардың бесеуі шетелдік азаматтар. Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді.
Call-орталық жұмысшыларының міндетіне крипто-инвестиция салғысы келетін адамдарды іздеп, оларды алдап-арбаумен айналысу кірген. Ауыспалы нөмірлер арқылы жәбірленушілермен байланыс орнатылып, кейін оларға фишингтік сайттарға сілтемелер жіберілген. Осылайша адамдар туралы дербес деректер жиналған. Одан соң алаяқтардың ықпалымен азаматтар өз қаражаттарын крипто-әмияндарға жіберген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергелуде. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қаныш Ашжанов.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік