6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерІІМ Алматы академиясында киберполигон ашылды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шаралар әзірлеуді тапсырғаны мәлім. Өйткені Қазақстанда интернет алаяқтық санының жылдан жылға артып келе жатқаны жасырын емес.
Осы орайда биыл қыркүйек айында ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында киберзертхана ашылып, интернет желісінде жасалатын қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алатын ресурстарды қалыптастыруға бағытталған бағдарлама енгізілген болатын.
Алматы академиясы мен “Kazdream special systems” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында жасалған меморандумға сәйкес зертхана заманауи ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілген еді.
Жуырда академия базасында ашылған киберполигон – осы маңызды жұмыстың жалғасы. Киберполигонның ашылу салтанаты кезінде академияның Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиотехника және байланыс Әскери-инженерлік институты әзірлеген антидрон бағдарламасына байланысты, “Сергек” компаниясымен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша “Tactical tech” компаниясымен командалық-штабтық оқу-жаттығулардың тренажерлерін құру жөніндегі бірлескен жобалары көрсетілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі