Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыІІМ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын тексеруді жалғастырып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда аймақтық тізімдерге террористік тұрғыдан осал санатқа жататын адам көп жиналатын 17 мыңнан астам нысан енгізілді. Жыл басынан бері 1804 нысан тексерілді. Оның ішінде ойын-сауық орталықтары, ірі сауда және қоғамдық тамақтану орындары, білім беру ұйымдары бар. Тексеру нәтижесінде заңнамада белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұзудың 581 дерегі анықталды.
Кемшіліктер алғаш рет анықталған объектілердің басшылары мен меншік иелеріне нақты уақыттың көрсетілуімен оларды жою туралы нұсқамалар берілді. Сонымен қатар сеніп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бірнеше рет бұзғандарға ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша 180 әкімшілік материал толтырылды. 48 млн теңге айыппұл салынды.
Тексерулер тек кемшіліктерді анықтаумен ғана шектелмейді. Полиция қызметкерлері мекеме персоналының, сондай-ақ күзет қызметінің төтенше жағдайлардағы іс-қимылдары туралы білімі мен дағдыларының деңгейін анықтап, оларға сабақ өткізеді. Мұндай түсіндіру жұмыстарымен 40 мыңға жуық қызметкер қамтылды, – деді ведомствода.
Ішкі істер министрлігі объектілердің басшылары мен меншік иелерін заңмен белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Олардың нақты және сапалы орындалуы – азаматтардың қауіпсіздігінің кепілі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары