6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖыл сайын полицияға ата-анасының қарауынсыз түнде көшеде жүрген 100 мыңнан астам кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыровтың айтуынша, Қазақстанда соңғы бес жылда кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстар саны азайып келеді. Алайда бұл құқық бұзушылықтар ата-аналардың тиісті қадағалауының болмауынан орын алып жатыр.
Жыл сайын республика бойынша ата-анасының еруінсіз жүрген 100 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалар түнгі уақытта көшеден полицияға жеткізіледі. Онда олар қылмыстың құрбаны бола алады немесе өздері белгілі бір әрекеттерді жасай алады, - деді төрағаның орынбасары.
Оған қоса Ренат Зұлхайыров 2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығында балалардың түнде ата-аналарының еріп жүруінсіз көшеде жүргені үшін 39 мың ата-ананың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға түрлі қызмет көрсеткені үшін 1,2 мыңнан астам кәсіпкер жауапкершілікке тартылған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі