Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарИгі істер марафоны аясында елордалық еріктілер жалғыз тұратын зейнеткерлердің ауласының қарын күреп, қария кісілердің алғысын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, Байқоңыр ауданында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 20-ға жуық белсенді қар күреуге көмектесті. Себебі күн жылынғаннан кейін қар еріп, маңайды су басуы мүмкін. Еріктілер ауланың қарын күреп, коммуналдық қызметтер алып кететін жолға шығарып қойды.
Макс Алтаев есімді жас жігіттің айтуынша, 2021 жылдан бері «Астана жастары» еріктілерінің қатарында атсалысып жүр.
«Жыл сайын біз көмекке мұқтаж қарт кісілерге көмектесу үшін жер үйлерге барамыз. Ауланың қарын күреп көмектесеміз. Еріген қар суының ауланы басып қалуы ғажап емес. Дегенмен олардың жүздеріндегі қуаныш біздің жүрегімізге де жылу беріп, ерекше күш сыйлайды», – деді ол.
Ауланың қарын күреу қарт кісілер үшін оңай емес, сол себепті тосыннан келгеннен мұндай көмекке ризашылығын білдіріп жатады.
Балаларға алғысым шексіз. Олардың көмегіне ризамын. Жасым келіп, бойымнан қуат кеткеннен кейін ауланың қарын күреу де мұңға айналды. Ал көмекке келген жастар мені бір тығырықтан алып шығайын деп тұр, – деп Валентина Сергиенко ағынан жарылды.
Айта кетейік, «Астана жастары» белсенділері қаланы тәулік бойы қардан тазартатын коммуналдық қызмет мамандарына да көмек қолын созады. Еріктілер ыстық шай мен бауырсақтар тарату акцияларын жиі өткізеді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?