23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен 8 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылы Қазақстанда 4 иесіз қалған бөгет, 1 су қоймасы және 3 тоған мемлекет меншігіне өтті. Бұл Ақтөбе облысындағы 4 бөгет, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы 3 тоған мен су қоймасы. Елімізде жалпы саны 22 гидротехникалық нысанның қараусыз қалғаны анықталды.
Оның ішінде 5 нысан қираған және одан әрі пайдалануға жарамайды. Қалған 9 нысанды коммуналдық меншікке қабылдау бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Былтыр еліміздің гидротехникалық нысандарына түгендеу жүргізілді. Одан кейін облыс әкімдіктерімен бірлесіп оларды қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар әзірленді. Аталған жоспарды іске асыру гидротехникалық құрылыстардың тозу мәселесін шешуге және олардың қолданысқа жарамдылығын арттыруға мүмкіндік береді, – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік