Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріне сәйкес IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттары бар талапкерлер өз нәтижелерін «Ағылшын тілі» пәні бойынша ҰБТ балдарына ауыстыра алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін талапкерлерге IELTS балдары 6.0-ден жоғары болса ғана, «Ағылшын тілінен» 45 балл берілетін. Алайда, көптеген талапкерде, ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгергендігін растайтын белгіленген балдан төмен IELTS сертификаттары бар болды. Сондықтан түлектер мен сарапшы мамандардың пікірін ескере отырып, биыл ҰБТ-да нәтижесі 5.5 IELTS сертификаттарын – 41, ал 5.0 балын 37 балға ауыстыру туралы шешім қабылданды. TOEFL сертификаттарының нәтижелерін ауыстыру бойынша да дәл осындай өзгерістер енгізілді . Бұл жаңалық «Ағылшын тілін» өзінің бейіндік пәні ретінде таңдаған тест тапсырушылардың жалпы нәтижелеріне оң әсерін тигізеді деп ойлаймын, - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министр Қуаныш Ерғалиев.
Айта кетейік, IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттарын ауыстыру жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш берген немесе ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жүзеге асырады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?