7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?IBSA Дүниежүзілік ойындарының алғашқы күнінде қазақстандық пара дзюдошылар 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуынша, IBSA Дүниежүзілік ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық пара дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді жеңіп алды.
Байрақты бәсекеде 48 кг салмақта J2 санатында өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек финалдық белдесуде украиндық спортшы Юлия Ивантскаяны ұстау әдісімен жеңіп, чемпион атанды.
Жарыстың күміс жүлдесін J1 санатында 73 кг салмақта сынға түскен отандасымыз Ерғали Шамей иеленді.
Ал 60 кг салмақта, J2 санатында белдескен Ануар Сариев пен J2 санатында 73 кг салмақта белдескен Олжас Оразалыұлы қола медальға ие болды. Ануар финалда кореялық споршы Мин Лимен кездесіп, оны иппонмен жеңді. Өз кезегінде Олжас украиналық Руфат Махаммедты жеңіп, жарыстың жүлдегері атанды.
IBSA Дүниежүзілік ойындары Ұлыбританияның Бирменгем қаласында 20-27 тамыз аралығында өтіп жатыр. Атамыш жарыс көру қабілеті зақымданған (J2) және мүлдем көрмейтін (J1) спортшылар арасында өтеді. Биыл IBSA Дүниежүзілік ойындарының нәтижесі әлем чемпионатына теңестірілді. Осыған орай Ақмарал Науатбек әлем біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы атанды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?