2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрИспанияның «Реал Мадрид» клубы осы аптада «Интерден» 29 жастағы қорғаушы Дензел Дюмфристі 20 млн еуроға сатып алды. Оған қоса Фабрицио Романоның хабарлауынша, «Ливерпульдің» экс-қорғаушысы Ибраима Конатені қатарға қосады. Трансфер туралы ресми ақпарат 7 маусым күні президент сайлауы өткен соң жарияланады. Мұнымен қоймай, Перестің футбол әлемін дүр сілкіндірер трансфер дайындап жатқаны тағы бар.
Флорентино Перестің жұмбағы
Иә, Флорентино Перес «Реал Мадрид» президентін сайлау кезеңіне сақадай сай дайын. Жұмбақ транфсер туралы сұхбаты да әсерлі болды.
Келер аптада «Реал Мадрид» тарихындағы ең қымбат ойыншыны қатарға қосуға тырысамын. Сейсенбі күні Чемпиондар лигасында ойнайтын топ-клубқа 150 млн еуро ұсынамын, – деді Флорентино Перес.
Қызығы сол, Криштиану Роналдудың деңгейіндегі ойыншы, позициясында үздік екенін атап өтті. Осыдан-ақ жанкүйерлер жаңа футболшының кім екеніне болжам жасап жатыр.
Бұл Кейн де, Олисе де, Холанн мен Доку да емес. Ол АПЛ-де ойнамайды. Өз позициясында Криштиану Роналдудың деңгейіндегі супержұлдыз әрі әлі жас, – деді Реал Мадрид президенті.
Сонда бұл футболшы кім болғаны? Супержұлдыз дейтін сілтемеге назар аударсақ, бірден Ламин Ямал мен «ПСЖ» футболшылары еске түседі. Өйткені жоғарыда Перес бірнеше ойыншының аты-жөнін атап, олардың қатысы жоқ екенін айтты. Сондықтан жартылай қорғаушы Витинья, шабуылшылар – Хвича Кварацхелия, Осман Дембеле, Дезире Дуэ еске түседі. Оның үстіне БАҚ-та Перес пен танымал футбол агенті Жорже Мендештің арасы жақсарғаны туралы ақпарат бар. Ал Жорженің командасында Ламин Ямал, Жоау Невеш, Витинья, Бредли Барколя мен Уоррен Заир-Эмери бар.
Супержұлдыз кім?
Футбол әлемін ойландырып қойған ақпарат жайында танымал комментатор, футбол сарапшысы Дидар Есемовтан сұрап көрдік. Оның айтуынша, екі нұсқа бар.
Менің ойымша, екі нұсқа ғана бар. Витинья мен Жоау Невеш. Екеуінің біреуі «Реал Мадридке» өтеді. «Әлі жас» деген сөзіне қарасақ, Невеш болуы әбден мүмкін. Ол енді 21-ге толған футболшы, – деді футбол сарапшысы Дидар Есемов.
Сарапшының танымал грузин футболшысы Хвича Кварацхелия мен Осман Дембеле деген нұсқа жайында қандай пікірі барын білдік.
Жоқ, бұл екі нұсқаны қарастырмайтын сияқты. Хвичаның келісімшарты 2029 жылға дейін, бағасы өте қымбат, ПСЖ сатпайды. Осман Дембеле болса «Барселонаның» экс-ойыншысы, жанкүйерлер қабылдамауы мүмкін. Әрі оның жасы 29-да, «Реал Мадрид» кейінгі жылдағы трансферлік саясатына сайкес келмейді, – дейді сарапшы.
Сонымен, сұрақтың нақты жауабын келер аптада білеміз. Ал жексенбіде «Реал Мадрид» президент сайлауын өткізеді. Осынша тарнсферлік сыбыс пен нақты жоспарға қарағанда кімнің сайланатыны айтпаса да белгілі.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова