Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақтөбе облысы Тасөткел ауылында медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа нысан тәулігіне 30 адам қабылдауға қауқарлы. Мұнда ауыл тұрғындары профилактикалық скрининг, иммундаудан өтіп, анализдер тапсыруға, сондай-ақ күндізгі стационарда дәрігерге қаралуға болады. Созылмалы аурулары бар науқастарға тегін дәрі-дәрмек беру пункті бар.
Қазіргі заманғы медициналық пункт препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен жабдықталған, анализ түтікшелерін тасымалдауға, жедел жәрдем көрсетуге арналған арнайы бокстармен қамтылған.
Хромтау ауданы Тасөткел ауылында 420 адам тұрады. Гипертония, қант диабетімен ауыратын науқастар, бала кезінен мүмкіндігі шектеулі жандар бар.
Айта кетейік, бұған дейін медпункт ауылдық әкімдік ғимаратында орналасқан еді және ауыл тұрғындары бұл типтік ғимаратты 30 жылға жуық күтті.
2024 жылы Ақтөбе облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 21 медициналық нысан пайдалануға беріледі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары