Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерHR Enbek еңбек ресурстары порталында жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасында электрондық ұжымдық шартты жасасу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кәсіподақ өкілі порталдағы жеке кабинетте ұжымдық шарт жобасын жасайды және оны жұмыс берушіге келісу үшін жібереді. Жұмыс беруші ЭҰШ жобасын бекіткен кезде ол еңбек заңнамасының сақталуын тексеру үшін автоматты түрде мемлекеттік еңбек инспекторының жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік инспектор бекіткеннен кейін құжатқа жұмыс беруші қол қоя алады.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жүйе ЭҰШ-пен жұмыстың барлық кезеңдерінде: жобаға қол қойғанда, оны қайта қарауға жіберген кезде, мемлекеттік еңбек инспекторы құжатты қабылдағаннан немесе қабылдамағаннан кейін автоматты түрде жұмыс берушіге және кәсіподақ ұйымына хабарламалар жібереді.
Қол қойылған ЭҰШ кәсіподақ үшін де, жұмыс беруші үшін де көруге және жүктеп алуға қолжетімді болады. Оның түпнұсқалығын электронды құжатта орналастырылған QR коды арқылы тексеруге болады.
Ұжымдық шарттардың электрондық форматын енгізу еңбек қатынастарының заңдылығы мен ашықтығын арттыруға, жұмыс берушінің қабылдаған міндеттемелердің орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге, жұмыс орындарының сапасын бақылауға мүмкіндік береді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі