Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лардың 2025 жылғы қаңтардағы жұмыс кестесі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жылды мерекелеуге байланысты ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар 1-3 қаңтар аралығында жұмыс істемейді.
Дегенмен 4 қаңтар, сенбі күні Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кезекшілері үшін жұмыс күні болып саналады. Қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
5 және 6 қаңтарда еліміздің барлық орталығы әдеттегідей жұмыс істейді. Қазақстанда 7 қаңтарда православиелік Рождество мерекесі атап өтілетіндіктен, бұл күн ХҚО мен арнайы ХҚО үшін демалыс күні болып саналады.
Мемлекеттік корпорация жұмыс күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайтынын еске салды. Кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кезекші мекенжайларының тізімі Instagram-дағы ресми парақшада қолжетімді, сонымен қатар 1414 нөмірі бойынша да білуге болады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді