6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері өздеріне қалталы өмірлік серікті қалай тапқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол «Голос народа» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
Әбішевтің сөзіне қарағанда, бұл оқиға 2018 жылы болған. Астанадағы ХҚКО-ның екі қызметкері жұптарын әлеуметтік желі не танысуға арналған сайттар арқылы емес, Азаматтарға арналған үкімет порталындағы мәліметтер базасы арқылы тапқан.
Жүйеге кіруге мүмкіндігі бар ХҚКО қызметкерлері (бұл хакерлік емес) белгілі бір жас аралығындағы ер адамдарды іздеген, бұл кезде олардың көлігі, пәтері, жылжымайтын мүлкінің болуы және несиелерінің жоқтығы ескерілген. Ер адамдар шоғыры анықталған соң, оларды аты-жөндері арқылы әлеуметтік желіден тапқан. Олардың қайда демалатынын, қыдыратынын анықтап, уақыттарын сол жерде өткізе бастаған. Араға бір жыл салып өздерінің материалдық қажеттіліктерін толық өтей алатын жігіттерге тұрмысқа шыққан, - деді Әбішев.
Олардың мұндай әрекетке барғаны әшкере болғанымен, бұл жайт отбасыларын сақтап қалуға кедергі келтірмеген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі