Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек"Азаматтарға арналған үкімет" Наурыз мейрамын тойлау кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Азаматтарға арналған үкімет" ақпаратына сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 21, 22, 23 және 24 наурызда жұмыс істемейді.
Сейсенбі, 25 наурызда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекшілер отырады. Келген азаматтар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады.
Кезекші ХҚКО мен және арнайы ХҚКО-ның өзекті тізімімен мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан немесе 1414 телефоны арқылы білуге болады.
Еске сала кетейік, биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады, бірақ 22 наурыз сенбіге, 23 наурыз жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күндері дүйсенбі мен сейсенбіге қосылып, қазақстандықтар Наурыз мейрамында бірден бес күн - 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері демалады.
Алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін сейсенбі, яғни 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?