11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекNature Medicine журналында жарияланған жаңа метаанализ ондаған бұрынғы зерттеулердің нәтижелерін біріктіріп, мынадай қорытынды жасады: өңделген ет өнімдерін, тәтті сусындар мен өнеркәсіптік трансмайларды тұрақты түрде тұтыну 2 типті қант диабеті, ишемиялық жүрек ауруы және тоқ ішек обыры қаупін арттырады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тіпті аз мөлшердің өзі айталық, бір шұжық немесе шамамен 350 мл газдалған сусынның өзі айтарлықтай әсер береді. Бұл қауіп уақыт өте келе жиналып, тұтыну көлемі артқан сайын күшейеді.
Вашингтон университетінің Денсаулық көрсеткіштерін бағалау институтының профессоры, зерттеу жетекшісі доктор Демевоз Хейлдің айтуынша:
Мұндай өнімдерді аз мөлшерде үнемі тұтыну аурулардың даму қаупін арттырады.
Анализ Burden of Proof әдісі арқылы жүргізілген – ол тұтыну деңгейі мен ауру қаупінің арасындағы байланысты модельдейтін ерекше тәсіл.
Өңделген ет өнімдері (сосиска, шұжық, бекон) Дүниежүзілік обырды зерттеу агенттігі тарапынан канцерогендер қатарына енгізілген. Оның құрамындағы нитриттер ағзада нитрозаминдерге айналып, асқазан-ішек жолдарының жасушаларын зақымдайды. Ал жоғары температурада пісіру канцерогендік қосылыстардың түзілуін күшейтеді.
Тәтті сусындар (газдалғандар, энергетиктер, тәтті мұзды шайлар және жеміс нектарлары) қандағы қант деңгейін күрт көтеріп, инсулин жүйесіне артық салмақ түсіреді.
Өнеркәсіптік трансмайлар «жаман» холестеринді арттырып, «жақсысын» азайтады, бұл қан тамырларында бляшкалардың түзілуіне әкеледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қосылған қанттың үлесін жалпы калорияның 10%-ынан (мүмкін болса 5%-дан) асырмауға кеңес береді. Ал көптеген елдер өнеркәсіптік трансмайларды пайдалануға тыйым салған.
Сарапшылардың пікірінше, басты мақсат – қатаң шектеулер емес, саналы тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
Мысалы, тәтті газдалған сусынды суға алмастыру және табиғи ақуыз көздерін (ет, балық, бұршақ тұқымдастар) таңдау аурулар қаупін едәуір азайтады.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес