6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақ ұлттық хореография академиясында Агриппина Ваганова атындағы Орыс балеті академиясының түлегі Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вадим Рзаев – классикалық және заманауи би өнерінде тәжірибесі мол өнерпаз. Ол әлемнің жетекші театр сахналарында жеке партиялар орындап, шетелдік танымал хореографтармен де бірлесе жұмыс істеген.
«Хореографиялық өнер педагогикасы» және «Балетмейстер өнері» білім беру бағдарламасының студенттері мастер-классқа қатысып, болашағы үшін құнды тәжірибе жинады. Вадим Рзаев классикалық би техникасын, өзінің кәсіби әдістері мен тәсілдерін бөлісті.
Бұл іс-шара – студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және әлемдік хореографиялық өнер туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған Академияның білім беру және мәдени бағдарламасының бір бөлігі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі