Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында финалға шыққан құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Канада және Германия қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.
Жартылай финалда канадалық хоккейшілер латвиялықтармен кездесті.
Ойынның бірінші кезеңінде Латвия құрамасы 1:0 есебімен басымдық танытты.
Екінші кезеңде құрамалар бір-бір гол соқты. Шешуші үшінші кезеңде канадалық хоккейшілер қатарынан үш шайба енгізіп, финалға жолдама тағдырын шешті.
Осылайша Канада қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.
Ал тағы бір кездесуде Германия құрамасы АҚШ-ты 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Финал мен 3-орын үшін сайыс 28 мамырда өтеді деп күтілуде.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 12 мамырдан бері Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында өтіп жатыр.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек