Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан хоккей федерациясының республикалық жарыстарды ұйымдастыру бөлімі 2023/24 маусымға Қазақстан тұрақты чемпионатының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023/24 маусымда Қазақстан чемпионатының медаліне 11 ұжым таласады: «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Құлагер», «Номад», «Сарыарқа», «Торпедо» және «Хумо». Турнир үш кезеңнен тұрады.
Оқи отырыңыз:
Бірінші кезеңде командалар бір-бірімен төрт матчтан ойнап шығады (2 үйде және 2 түзде). Чемпионат басталған күні (9 қыркүйек) Астанада өткен жылғы финалистер «Номад» пен «Хумо» кездессе, Қарағандыда «Сарыарқа» мен «Алматы» өзара кім мықтыны анықтайды.
10 қыркүйекте «Торпедо» – «Бейбарыс», «Ертіс» – «Ақтөбе» және «Құлагер» – «Арлан» ойнайды.
«Горняк» маусымды 14 қыркүйекте бастап, Петропавлда «Құлагермен» кездеседі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?