18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) «Филадельфия Флайерз» клубының бұрынғы қақпашысы әрі жаттықтырушысы, Хоккей даңқ залының мүшесі Берни Парент 80 жасында көз жұмды. Бұл туралы ҰХЛ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Парент 1974 және 1975 жылдары «Филадельфияға» қатарынан екі Стэнли кубогын сыйлады (сол уақыттан бері клуб мұндай жетістікке жете алмай келеді). Канадалық қақпашы екі маусым қатарынан жылдың үздік қақпашысы және плей-оффтың ең құнды ойыншысы атанды. Сондай-ақ ол әлі күнге дейін клуб тарихындағы «қақпасы бос өткен ойындар» бойынша рекордтың иесі (50 матч).
Оның ойыншы ретіндегі мансабы 1979 жылы (34 жасында) қарсыластың кездейсоқ шайбасы көзіне тиген соң кейін аяқталды. Дегенмен ол кейін «Филадельфияға» бапкер әрі клуб елшісі ретінде қайта оралды. Сол жылы команда Паренттің бірінші нөмірін мәңгілікке алып тастады. 1984 жылы ол клубтың Хоккей даңқ залына енген алғашқы бұрынғы ойыншысы атанды.
2017 жылы ҰХЛ Парентті лига тарихындағы ең ұлы 100 ойыншының қатарына енгізді (олардың ішінде небәрі 15 қақпашы ғана бар еді).
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр