22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыХалықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) Атқарушы кеңесі қашықтан өткен отырыста World Boxing Халықаралық федерациясын уақытша мойындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, бұл ұйымға әлемдік деңгейде боксты қадағалау құқығын береді. ХОК бұл шешімді қабылдауға әсер еткен негізгі себептерді атады:
- Ұйым құрамында бес құрлықтан 78 ұлттық федерация бар, сондай-ақ төрт құрлық конфедерациясы құрылған;
- Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан боксшылардың 62%-ы және жүлдегерлердің 58%-ы World Boxing құрамына кіретін федерациялар атынан өнер көрсетті;
- 2024 жылғы Олимпиадада тәуелсіз бақылау аясында қолданылған спорттың адалдығын қамтамасыз ету процесі енгізілді;
- World Boxing ұйымы AIMS мүшелігін алды, оны SportAccord Атқарушы комитеті мен AIMS Бас ассамблеясы мақұлдады;
- Басқару жүйесі әзірленіп, оған Этикалық кодекс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, мүдделер қақтығысы саясаты және қаржы комитетінің жұмыс регламенті енгізілді;
- 2025–2028 жылдарға қаржыландыруды қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді коммерциялық келісімдер жасалды;
- Ұйым Спорттық арбитраж сотының (CAS) юрисдикциясын мойындады;
- Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі (WADA) кодексінің қатысушысы мәртебесін алды және Халықаралық тестілеу агенттігімен (ITA) келісімшарт толық орындалды.
ХОК-нің бағалау қорытындысы бойынша, World Boxing басқару және спорттық даму саласындағы негізгі мәселелерде айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Осыған байланысты ұйымды Олимпиадалық қозғалыс аясында әлемдік деңгейдегі боксты реттейтін Халықаралық федерация ретінде уақытша мойындау ұсынылды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев