28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарХОК атқарушы комитеті боксты 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтық шешім осы аптада Грекияның Коста-Наварино қаласында өтетін ХОК-нің 144-сессиясында қабылданады.
⠀
Бастапқыда, 2022 жылғы ақпанда бекітілген Олимпиада спорт түрлерінің тізіміне бокс енгізілмеген еді. Бұған Халықаралық бокс қауымдастығындағы (IBA) мәселелер себеп болды. 2023 жылдың маусымында ХОК IBA-ны ресми түрде мойындаудан бас тартты, бұл жағдай 2028 жылғы Олимпиададағы бокс жарыстарының болашағына әсер етті.
⠀
Париж Олимпиадасында бокс жарыстары ХОК-нің арнайы жұмыс тобының басқаруымен өтті. Бұл шешім спортшыларға турнирге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті.
ХОК бұған дейін бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуы үшін жаңа халықаралық федерация құру қажеттігін мәлімдеген болатын. 2025 жылдың ақпанында ХОК-нің атқарушы комитеті World Boxing ұйымын уақытша мойындады. Қазіргі таңда бұл ұйым 84 ұлттық федерацияны біріктіреді, - деп жазылған ҰОК хабарламасында.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?