Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҮкімет отырысында баяндама жасаған өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бүгінде химия саласында 49 жоба іске асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, олардың негізгілері мұнай және металлургия салаласына қажет химия өнімдерін шығаруға бағытталған.
Мысалы, елімізде өндірілетін каустикалық сода негізінен ішкі нарықта пайдаланылады. Жалпы салаға 2035 жылға дейін 4,8 триллион теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған. Қазіргі таңда химия саласы өңдеу өнеркәсібінің 4,6% пайызын құрап, ауыл шаруашылығы, құрылыс және металлургия сияқты салалардың дамуына оң әсерін тигізуде, – деді Нағаспаев.
Ведомство басшысы соңғы бес жыл ішінде жалпы салада 5% тұрақты өсу қарқыны байқалатынын айтты.
Бұл отандық өндірушілердің белсенді қызметі мен мемлекеттік қолдаудың жемісі. Саладағы ірі кәсіпорындар ең алдымен ішкі сұранысты қамтамасыз етіп, қосымша экспортты дамытуда, – деді өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі