Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары"Хуторлықтар" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаевқа тағы бір айып тағылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Хасан Қасымбаевқа қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталуда. Қазіргі уақытта негізгі тергеу шаралары аяқталуға жақын. Жақында іс материалдары тараптарға танысу үшін беріледі. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша мәліметтер әзірге жарияланбайды, - деп жазылған департамент таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, құқық қорғау органдары бұл топқа қатысты жедел тергеу жұмыстарын жүргізіп, бірнеше мүшесін қамауға алған болатын. Қазір Хасан Қасымбаевтың қатысуымен жасалған қылмыстар тергеліп жатыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар