Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Хасан Қасымбаевқа қатысты сот үкімін жариялауға жарты сағат қалғанда күтпеген жағдай болды – айыпталушы сот залындағы айыпталушылар кабинасының пластикалық әйнегін сындырып тастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Куәгерлердің айтуынша, оған Қасымбаев пен өзге айыпталушылардың журналистердің сот процесін залдан бақылап отыруына наразылығы себеп болған.
Мына жерден бәрін шығарыңдар! – деп айқайлаған Қасымбаев ашу үстінде кабина әйнегін жұдырықпен ұрған. Әйнек қирап, сынықтары залға шашыраған.
Осыдан соң сот қызметкерлері журналистер мен операторларды залдан шығарып жіберді.
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі бұл шараның «БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін» қабылданғанын айтты.
Айта кетсек, сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және қорқытып ақша бопсалау баптары бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын орташа қауіпсіздік режиміндегі колонияда өтейді.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді