7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының ресми сайты Харбинде (Қытай) билеттерді сатудың басталғанын хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, билеттерді ресми сайттың «Tickets» бөлімінде немесе арнайы билет платформасы арқылы сатып алуға болады. Сондай-ақ, WeChat қосымшасы арқылы да сатып алу мүмкіндігі бар.
Қазіргі кезеңде мұз үстінде өтетін бес спорт түріне арналған билеттер қолжетімді: хоккей, конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және кёрлинг. Ең қымбат билеттің бағасы 800 юаньды (57 634 теңге), ал ең арзаны 120 юаньды (8 645 теңге) құрайды. Кейбір спорт түрлері үшін әртүрлі баға санаттары ұсынылған.
Айта кетейік, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, ски-альпинизмі, биатлон және фристайл-акробатика бойынша жарыстар шектеулі орындарға байланысты билетсіз өтеді.
Харбиндегі Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында ұйымдастырылады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?