Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы биткоин туралы пәтуа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы криптовалюта шариғатқа қайшы және мұсылмандарға тыйым салынған деген ұйғарымға келген.
Биткоин ешбір ұлттық валютаның сипатына келмейді. Өйткені ол мемлекеттік органдардың кепілдігімен әрі қаржылық заңдармен қорғалмаған. Нақты активтері жоқ, орталықтандырылмаған виртуалды ақша. Кез келген сәтте оның нарығы күрт өсуі немесе түсуі мүмкін. Бұдан адамдар зиян шегеді. Сондықтан бұл валютамен шұғылдану адамның мал-дүниесін арам жолмен жеуге әрі оның құқықтарын жоюға алып барады, – деп мәлімдеді ҚМДБ.
ҚМБД түсіндірмесі:
Шариғатта белгісіздік деңгейі жоғары мәмілелергетыйым салынады. Биткоин транзакцияларының анонимділігі, шифрлауды пайдалану және контрагенттер туралы деректердің болмауы алаяқтық үшін негіз жасайды;
Биткоин айналымы экономиканың тұрақтылығына әсер етуі мүмкін, көлеңкелі бизнесті, ақшаны жылыстатуды, тыйым салынған ұйымдарды қаржыландыруды және басқа да қауіпті әрекеттерді жеңілдетуі мүмкін;
Биткоин криптовалюта ретінде заңды төлем құралының сипаттамаларына ие емес, алаяқтық, белгісіздік элементтерін қамтиды және мемлекет пен жеке тұлғаларға зиян келтіреді. Сондықтан шариғат тұрғысынан биткоин пайдалануға тыйым салынады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?