6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерUFC-дің орта салмақтағы чемпионы, Біріккен Араб Әмірліктерінің атынан өнер көрсететін Хамзат Чимаев келесі қарсыласының атын атап, оны айқасқа шақырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Атақты ММА шебері, жеңілмеген орта салмақ өкілі Хамзат Чимаев әлеуметтік желідегі парақшасында кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін жариялады. Оның таңдауы UFC рейтингінде екінші орынға көтерілген француз спортшысы Нассурдин Имавовқа түскен.
«Борз» лақап атымен танылған чемпион қарсыласына үндеу жолдап, Рамазан айынан кейін октагонда кездесуге дайын екенін айтты.
Рамазаннан кейін кездесеміз, Нассурдин. Күресіңді жетілдіретін уақытың бар, бауырым, – деп жазды Чимаев.
Хамзат Чимаев соңғы рет 2025 жылғы 16 тамызда, АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикагода өткен UFC 319 турнирінде октагонға шықты. Ол сол кезде Дрикус дю Плессиді сенімді түрде жеңіп, орта салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленген еді.
Ал Нассурдин Имавовтың соңғы жекпе-жегі 6 қыркүйекте UFC Paris турнирінде өтті. Француз спортшысы кештің басты кездесуінде бразилиялық Кайо Боральомен айқасқан. Бірінші раундта Боральо лайықты қарсылық танытқанымен, кейіннен Имавов жекпе-жекті толық бақылауына алды. Нәтижесінде төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі