Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыПалестиналық ХАМАС қозғалысы Газа секторындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді жалғастыру үшін Египетке делегация жібергенін растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Делегацияны ХАМАС-тың Газа секторындағы жетекшісі Халиль әл-Хайя бастап барды. Сапар Египеттің шақыруымен жүзеге асты.
Каирде ХАМАС өкілдері Египет пен Қатар делдалдарымен атысты тоқтату, бітім орнату, Израиль әскері Газадан толық шығуы және тұтқын алмасу мәселелерін талқыламақ.
Maan агенттігінің мәліметінше, Египеттің жаңа бастамасына сәйкес, ХАМАС бірнеше тұтқынды (оның ішінде қос азаматтығы бар Иден Александрды) босатып, қаза тапқан тұтқындардың денесін қайтарады. Ал Израиль бірнеше жүз палестиналықты, соның ішінде өмір бойына сотталғандарды босатады.
Келісім аясында 50 күндік гуманитарлық үзіліс жарияланып, қажет болса 70 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады