Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Азат Перуашев сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіруге арналған заң жобасын талқылау кезінде ерекше ұсыныс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол халықтың қаржысын жымқырғандарды шетелге шығармау керек дегендлі алға тартады.
Капиталды қайтару жұмыстарының тәжірибесі көрсетті, шетелге шығуға тыйым салу жемқорлыққа тосқауыл болатын бірден-бір тәсіл бола алар еді. Себебі ірі сыбайлас жемқорлар ақшаны конвертпен алмайды. Әрине, олар оффшорлық аймақтарға шығарылады. Осылай жылыстатылған ақшаның ізін ашу оңай емес. Біздің мемлекеттік органдар, тіпті Қаржылық мониторинг агенттігінің оффшорда жемқорлардың қанша ақшасы бар екенін білмейді. Сондықтан бұл жолдастар тіпті ұсталатынын біле тұрып тәуекелге барады. Бірақ белгілі бір мерзімге сотталады да, біраздан кейін шартты түрде босатылады не жазасы айыппұлға ауыстырылады. Осыдан кейін миллиардтаған ақшасымен табысады, - деді ол.
Депутат бұл мәселені «Ақжол» фракциясы 2017 жылдан бері көтеріп келе жатқанын еске салды.
Заң аясында тіпті жазасын өтеп шыққан сыбайлас жемқорлардың өзіне шетелге шығуға тыйым салу керектігін бірнеше рет ұсындық. Сонда ғана олар оффшорлық аймақтарда халықтан ұрланған миллиардтаған ақшасын алаңсыз пайдалана алмайды. Егер олар осында тұруға мәжбүр болса, бұл ақшаны елге қайтаруға мәжбүр болады. Өкінішке қарай, 2017 жылдан бері мемлекеттік органдар бұл түзетуді әлі күнге дейін қолдамады. Тіпті ол ұсынысымызға қылмыстық іс жүргізу кодексі туралы басқа заң жобасы аясында Үкіметтің оң қорытындысы алынды, - деді Азат Перуашев.
Оның сөзінше, Әділет министрлігі ұсынысты қолдаған басқа мемлекеттік органдарға қарсы шығып, жұмыс тобы кеше бұл норманы қабылдауды кейінге қалдырды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары