28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұрынғы Үкімет мүшелерінің жұмысын қорытындылап, жаңа серпін қакжет екенін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр экономикамыз 5,1 пайызға өсті. Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы Үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайыловқа алғысымды білдірдім. Бірақ қазір жайбарақат отыруға болмайды, себебі алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет, - деді ол.
Мемлекет басшысы алдағы межені де анықтап, халықтың нақты табысын арттыруды тапсырды.
Негізгі мақсат – баршаңызға белгілі. Біз 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз, - деді ол.
Президент дамудың тұрақты жүзеге асуына бюрократияның көптігі кедергі деп отыр. Ол үшін үкімет пен әкімдіктер жұмысы өзгеруі қажет.
Мемлекеттік органдар арасында өзара келісу мен талқылау жұмысы аяқталғанша, кез келген бастаманың негізгі мән-маңызы да өзгеріп кетеді. Бюрократияны тоқтату қажет, бізге нақты нәтиже керек. Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуі тиіс. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болуы қажет. Мәселені жедел шешумен қатар, экономиканың ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету өте маңызды, - дегенді алға тартты Тоқаев.
Сонымен қатар экономиканың мейлінше еркін дамуына мән беру керектігін де сөз болды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?