28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМәжіліс депутаттары Экологиялық мәселелер бойынша заң жобасын талқылап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат Ерболат Сатыбалдиннің айтуынша, заңнама жобасы шеңберінде қалдықтарды басқару саласының ағымдағы ахуалды жақсартуға бағытталған түзетулер көзделеді.
Мәселен, уәкілетті органға пайдаланудан шыққан көлік құралдары мен ауылшаруашылығы техникасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуге дайындауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша, сонымен қатар, қаптамаға, электрондық және электрлік құрылғыларға қатысты кәдеге жарату алымы мөлшерлемесін және «EcoQolday» мобильді қосымшасы арқылы төленетін төлемді қайта қарау үшін өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ) операторының маркетингтік және консалтингтік жұмыстарды қаржыландыруы және өнім өндіру кезінде қайта өңделген қалдықтардың кемінде 30%-ын пайдаланған жағдайда өндірушілерді төлемнен босату бойынша қажетті құзыреттер беру арқылы «Жасыл даму» АҚ қызметін реттеу ұсынылады, - дейді депутат.
Ал қоқыс қалдықтарына қатысты тарифті көтермеу үшін «Жасыл даму» АҚ қаржысын субсидиялауды ұсынады.
«Жасыл дамудың» қаражаты осы қалдықтарды толық ликвидация жасауға арналған. Сондықтан бір қатты қалдықтарды өңдеп немесе ликвидация жасағанда бір жұмыс істемейтін тетікті анықтадық. Мысалы, жалпы қайта өңдеу процесі әжептеуір жолға қойылған. Ал қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау мәселелері үлкен проблема. Өйткені, ол өте тиімсіз. Ел бойынша бір адамнан қатты қалдықтарды шығаруға төлейтін төлем орта есеппен 300 теңгенің жобасын құрайды. Ал осы жинау, тасымалдау, сұрыптау мәселелерін толық алған кезде ең кемі 1000 теңгенің жобасында болуы керек. Сондықтан біз халық үшін тарифті көтермей ақ, «Жасыл дамудың» қаражатын субсидиялауды ұсынып отырмыз, - дейді Ерболат Сатыбалдин.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?